date

Starlink Папуа — Жаңа Гвинеяда спутниктік интернетті іске қосты

Starlink Папуа-Жаңа Гвинеяда спутниктік интернетті іске қосты

«Starlink» компаниясы Папуа-Жаңа Гвинеяда өзінің спутниктік интернетін іске қосқанын жариялады. Ендігі кезекте аталған аймақтың барлық тұрғыны үшін кідірісі төмен жоғары жылдамдықты байланыс толық қолжетімді болды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Папуа-Жаңа Гвинея Океанияда орналасқан және шамамен 11 миллион халқы бар. Елде жүздеген түрлі тілде сөйлейтін 800-ден астам тайпа тұрады.

Қазіргі таңда «Starlink» қызметі 160-қа жуық мемлекет пен аумақта 10 миллионнан астам белсенді пайдаланушыға қызмет көрсетуде. 2025 жылы компания орбитаға аптасына орта есеппен 70-тен астам спутник ұшырып, жоғары қарқынды тіркеді.

Желі авиация саласында да кеңейіп келеді. Бүкіл әлем бойынша 34 әуе компаниясы жолаушылар үшін спутниктік интернетке қосылған, олардың 21-і соңғы үш ай ішінде келісімшартқа қол қойған.

«SpaceX» 2026 жылы жабдықтар өндіру көлемін күніне 50 мың жиынтыққа дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш күніне 15 мың жиынтықты құраған болатын.

Сондай-ақ, компания интернет жылдамдығын айтарлықтай арттыратын жаңа буын станциясының үстінде жұмыс істеуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Starlink Папуа — Жаңа Гвинеяда спутниктік интернетті іске қосты