date

Неміс ғалымдары күн сәулесінен тікелей сутегі өндіретін панель ойлап тапты

Неміс ғалымдары күн сәулесінен тікелей сутегі өндіретін панель жасап шығарды

Карлсруэ технологиялық институты (KIT) негізінде құрылған Photreon компаниясы Hannover Messe көрмесінде сутегі өндіруге арналған жаңа фотореактор модулін таныстырды. Бір шаршы метр аумақты алып жатқан прототип күн сәулесінің әсерінен судан тікелей сутегі алу мүмкіндігіне ие.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Компанияның тең құрылтайшысы Пол Канттың айтуынша, бұл технология классикалық екі сатылы сызбадан бас тартуға көмектеседі. Әдетте күн энергиясы алдымен электр энергиясына айналады, содан кейін суды электролиз жасау үшін пайдаланылады.

Photreon жүйесінде болса, күн сәулесі химиялық реакцияны бірден іске қосады.

Арнайы жарыққа сезімтал материалдар энергияны сіңіріп, электрондарды қоздырады. Кейін олар су молекулаларын сутегі мен оттегіге бөлу үшін қызмет етеді.

Мұндай тәсіл жүйені қарапайым әрі автономды етеді, өйткені ол электр желісіне тәуелді емес және бөлек электролизерді қажет етпейді.

Әзірлеушілердің атап өтуінше, құрылғы ауқымды өндіріске арналған. Модульдік панельдерді ғимараттардың шатырында да, күн белсенділігі жоғары аймақтарда ірі күн сутегі фермалары түрінде де пайдалануға болады.

Бұл технология ең алдымен күрделі логистикасыз, сол жердің өзінде сутегіге мұқтаж кәсіпорындар үшін қызықты. Оған арнайы химия, тамақ өндірісі және металл өңдеу салалары, сондай-ақ электр желісіне қолжетімділігі жоқ аймақтар жатады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Неміс ғалымдары күн сәулесінен тікелей сутегі өндіретін панель ойлап тапты