date

Ryzen AI Max+ Pro 495 процессоры алғаш рет бенчмаркта байқалды

Ryzen AI Max+ Pro 495 процессоры алғаш рет бенчмаркта байқалды

Ryzen AI Max+ Pro 495 процессоры алғаш рет бенчмаркта көрініп, алдыңғы үлгілерге қарағанда өнімділіктің біршама артқанын көрсетті. PassMark сынағында жаңа құрылғы 57 525 ұпай жинады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлады.

Салыстыру үшін айтар болсақ, Ryzen AI Max+ 395 үлгісі 55 163 ұпай, ал Max+ Pro 395 үлгісі 51 778 ұпай жинаған болатын.


Жаңа желі техникалық тұрғыдан ескісінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Дегенмен, жиіліктің сәл арттырылуы өнімділіктің шамалы өсуін қамтамасыз етті.

Тағы бір маңызды айырмашылық – жаңа процессор 192 ГБ дейінгі жедел жадты қолдайды. Max 300 желісінде бұл көрсеткіш 128 ГБ-пен шектелген еді.

Бұл процессор конфигурациясына Radeon 8065S iGPU-ы да енгізілген. Ол Radeon 8060S үлгісінен тек 100 МГц жоғары жиілігімен ғана ерекшеленеді.

Жаңа APU құрылғылары алдағы айларда нарыққа шығады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ryzen AI Max+ Pro 495 процессоры алғаш рет бенчмаркта байқалды