date

Сэм Альтман жасанды интеллект аясында кепілдендірілген табыс идеясынан бас тартты

Сэм Альтман жасанды интеллект аясында кепілдендірілген табыс идеясынан бас тартты

OpenAI басшысы Сэм Альтман жасанды интеллекттің жаппай енгізілуі аясында сөзсіз базалық табыс моделін тиімді деп санамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, қарапайым белгіленген төлемдер еңбек пен капитал арасындағы тепе-теңдіктің өзгеруіне жауап бере алмайды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

2019 жылы Альтман және оның әріптестері тәжірибе үшін 60 миллион АҚШ долларын жинаған болатын. Осы жоба аясында аз қамтылған қатысушылар үш жыл бойы айына 1000 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып тұрды.

Нәтижесінде олардың шығындары артқанымен, денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жақсару болмағаны анықталды.

Қазіргі таңда Альтман Әлеуметтік әл-ауқат қорын құруды ұсынып отыр. Бұл қор арқылы әрбір АҚШ азаматы жасанды интеллекттің дамуынан туындайтын экономикалық өсімнен өз үлесін ала алады.

Оның пікірінше, азаматтарға жасанды интеллекттің есептеу ресурстарынан немесе активтерінен үлес беру қажет. Егер технологияларды пайдалану шектелсе, бұл қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің одан әрі күшеюіне алып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Сэм Альтман жасанды интеллект аясында кепілдендірілген табыс идеясынан бас тартты