Ресейде «Alisa AI» ең танымал жасанды интеллект сервисіне айналды

OMI компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес, нейрожелілер Ресейде жай ғана контент жасау құралынан шешім қабылдау құралына айналуда. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Жастар бұл технологияларды белсенді түрде қолдануда. Атап айтқанда, 18-24 жас аралығындағы пайдаланушылардың жартысы аптасына кемінде үш рет жасанды интеллектке жүгінеді.
Пайдаланушылардың 62 пайызы жарнама көрсетілетін тегін форматты қалайды. Әрбір бесінші адам сауда жасау немесе бос уақытын өткізу кезінде нейрожелілерден көмек сұрайды.
Ең танымал қызметтер тізімінде "Alisa AI" 71 пайыз көрсеткішпен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарды ChatGPT (42 пайыз), GigaChat (38 пайыз) және DeepSeek (25 пайыз) иеленген.
Сауалнамаға қатысушылардың 52 пайызы Ресей жасанды интеллект саласындағы жетекші мемлекеттер қатарына кіретініне сенім білдірген. Зерттеу 2026 жылдың наурыз айында 2328 пайдаланушы арасында өткізілді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!