Париж прокуратурасы Илон Маск пен X-ке қатысты тергеу бастады

Париж прокуратурасы кәсіпкер Илон Маск пен оның X компаниясына қатысты алдын ала тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Le Monde басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мәлім етілгендей, бұл шешім Илон Маск 20 сәуірге белгіленген жауап алуға келмегеннен кейін қабылданды. Сондай-ақ, X компаниясының бұрынғы бас директоры Линда Яккариноға қатысты да тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бұған дейін Франция прокуратурасы Europol және елдің Жандармериясының киберқылмыспен күрес бөлімімен бірлесе отырып, X компаниясының Франциядағы кеңселерінде тінту жүргізген болатын. Бұл процесс 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желі алгоритмдері бойынша түскен шағымдардан кейін басталған тексерумен байланысты екені айтылуда.
Тергеу аясында X платформасындағы кейбір контенттер де зерттелуде. Атап айтқанда, Холокостты жоққа шығаратын материалдар мен жасанды интеллект арқылы жасалған интимдік суреттерге қатысты шағымдар тексеруге себеп болды. Сондай-ақ, платформадағы Grok чат-ботының қызметі де құқық қорғау органдарының назарында қалуда.




















Пікірлер 0
…