date

Uber қолдауындағы Lime компаниясы IPO-ға шығуда

Uber қолдауындағы Lime компаниясы IPO-ға шығуда

Uber инвестициясымен дамып келе жатқан электрлі велосипедтер мен скутерлерді жалға беру қызметі — Lime компаниясы акцияларды бастапқы жария орналастыру (IPO) үшін құжаттарды тапсырды. Neutron Holdings Inc. атауымен жұмыс істейтін компания қор нарығына шығуды бұрыннан жоспарлап келген еді. Бас директор Уэйн Тингтің айтуынша, компания өз қаржылық көрсеткіштері мен өсу қарқыны арқылы ашық нарыққа дайын. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Компания Nasdaq биржасында "LIME" белгісімен тіркелуді көздеп отыр. АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына ұсынылған есепке сәйкес, Lime табысы тұрақты өсуде. Атап айтқанда, 2025 жылы компания 886,7 миллион доллар табыс тапты. Таза пайда әлі тіркелмегенімен, компанияның еркін ақша ағыны 2025 жылы 104 миллион долларды құрап, айтарлықтай жақсарды.

2017 жылы құрылған Lime компаниясы Uber-мен тығыз серіктестік қарым-қатынаста. 2020 жылы Uber компанияның 170 миллион долларлық инвестициялық кезеңіне жетекшілік еткен болатын. Осы келісім аясында Lime Uber-дің Jump бөлімшесін өз құрамына қосып алды. Бүгінде Lime қызметтері 29 елдің 230 қаласында қолжетімді.

Lime мен Uber арасындағы ынтымақтастық компанияның дамуындағы маңызды фактор болып қала береді. Пайдаланушылар Lime скутерлері мен велосипедтерін тікелей Uber қосымшасы арқылы жалға ала алады. SEC құжаттарына сәйкес, өткен жылы Lime-ның жалпы табысының шамамен 14,3 пайызы Uber-мен болған серіктестіктің үлесіне тиесілі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Uber қолдауындағы Lime компаниясы IPO-ға шығуда