date

Перовскит технологиясындағы серпіліс: тиімділігі 26,25 пайыз күн элементі

Перовскит технологиясындағы серпіліс: тиімділігі 26,25 пайыз күн элементі

Сеул ұлттық университеті, Корея университеті және Толедо университетінің ғалымдары үш өлшемді (3D) перовскитті күн элементінің жаңа түрін жасап шығарды. Зертханалық сынақтарда бұл элемент 26,25 пайыз тиімділікті көрсетті және 24 000 сағаттан астам қызмет ету мерзімі бар екені анықталды. Nature Energy журналында жарияланған бұл зерттеу кремний панельдеріне қарағанда арзанырақ және тиімдірек балама болып табылатын перовскитті фотоэнергетиканы дамытудағы маңызды қадам болып саналады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Перовскитті элементтердің басты мәселесі – олардың сыртқы орта әсерінен, атап айтқанда жарық, жылу және ылғал әсерінен тез ыдырауы. Ғалымдар бұл мәселені шешу үшін 3D және 2D перовскитті материалдарын біріктірді. 3D-перовскит жарықты сіңіріп, электр энергиясына айналдырса, 2D-перовскит қабаты қорғаныш қызметін атқарып, құрылымның тұрақтылығын арттырады.

Зерттеушілер заряд жинаушы қабаттарды белсенді қабаттың екі жағына орналастыру арқылы энергия шығынын азайтуға қол жеткізді. Тәжірибелер 2D және 3D қабаттарының өзара әрекеттесуі материалдың қасиеттерін жақсартатынын, ал қыздырылған кезде 3D-құрылымның ретті және тұрақты кристалды пішінге ауысатынын көрсетті.

Бұл нәтиже перовскитті технологиялар үшін үлкен жетістік болып саналады, өйткені бұрын мұндай элементтер өте тез деградацияға ұшырайтын. Жаңа әдіс өнеркәсіптік ауқымда өндіруге жарамды. Қазіргі уақытта команда бұл технологияны тандемдік күн элементтерінде қолдану арқылы тиімділікті одан әрі арттыру бойынша зерттеулер жүргізуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Перовскит технологиясындағы серпіліс: тиімділігі 26,25 пайыз күн элементі