date

Ресейлік ғарышкерлер 27 мамырда ашық ғарышқа шығады

Ресейлік ғарышкерлер 27 мамырда ашық ғарышқа шығады

Ресейлік ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев 27 мамырда Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) сыртында ғылыми жұмыстар жүргізу үшін ашық ғарышқа шығады. Роскосмос хабарлауынша, бұл миссия барысында станцияның сыртқы бөлігінде бірқатар маңызды техникалық және ғылыми міндеттер орындалады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды. деп

Негізгі міндеттердің бірі «Солнце-Терагерц» радиотелескопын «Звезда» модуліне орнату болып табылады. Салмағы 50 келіге жуық бұл құрылғы күн жарқылын зерттеуге және оларды болжау дәлдігін арттыруға қызмет етеді. Ғарышкерлер жұмыс барысында «Орлан-МКС» скафандрларын пайдаланады, ал станция ішінде Андрей Федяев ERA робот-қолды басқарады.

Сондай-ақ, ғарышкерлер «Экран-М» тәжірибесі аясында «Наука» модулінен жартылай өткізгіш материалдардың үлгілерін алады. Болашақ электроникасында маңызды орын алатын галлий арсениді қабаты ашық ғарыш жағдайында өсірілген. Бұдан бөлек, бес жыл бойы ғарышта болған «Биориск» тәжірибе контейнері де станцияға қайтарылады.

Бұл контейнердегі бактериялар, тұқымдар мен шаянтәрізділердің кисталары вакуум мен радиация әсеріне қалай төтеп бергені ғалымдар тарапынан терең зерттеледі. Аталған зерттеулер ғарыштық биология мен болашақ технологиялары үшін үлкен маңызға ие.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейлік ғарышкерлер 27 мамырда ашық ғарышқа шығады