date

Ресейлік хакерлер Signal пайдаланушыларын нысанаға алуда

Ресейлік хакерлер Signal пайдаланушыларын нысанаға алуда

Киберқауіпсіздік жөніндегі зерттеуші Доннча О'Кербалл өзінің Signal аккаунтына келген күдікті хабарламаны анықтады. Хабарламада Signal қауіпсіздік қызметінің атынан пайдаланушы құрылғысында деректердің таралып кеткені және оның алдын алу үшін арнайы кодты енгізу қажеттігі айтылған. Amnesty International ұйымының Қауіпсіздік зертханасын басқаратын маман мұның алаяқтық екенін бірден түсінді. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

О'Кербалл бұл шабуылды елеусіз қалдырмай, оны тереңірек зерттеуге шешім қабылдады. Зерттеуші мұндай фишингтік әрекеттердің артында Ресей үкіметімен байланысты хакерлік топ тұрғанын анықтады. Хакерлер пайдаланушыларды алдап, олардың аккаунттарын өз бақылауындағы құрылғыларға байлауға тырысқан.

АҚШ-тың CISA агенттігі, Ұлыбритания мен Нидерланды барлау қызметтері де дәл осы типтегі кибершабуылдар туралы ескерту жасаған болатын. Der Spiegel басылымының мәліметінше, бұл науқан аясында Германиядағы жоғары лауазымды саясаткерлер де зардап шеккен.

Зерттеуші өз бақылауларының нәтижесінде бұл хакерлік шабуыл 13 500-ден астам пайдаланушыға бағытталғанын мәлімдеді. Signal платформасы өз кезегінде пайдаланушыларды фишинг қаупінен ескертіп, күдікті сілтемелер арқылы ешқашан кодтарды енгізбеуге кеңес береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейлік хакерлер Signal пайдаланушыларын нысанаға алуда