date

АҚШ-тың ірі байланыс операторлары «өлі аймақтарды» жою үшін бірігуде

АҚШ-тың ірі байланыс операторлары «өлі аймақтарды» жою үшін бірігуде

АҚШ-тың жетекші байланыс операторлары AT&T, T-Mobile және Verizon ел аумағындағы ұялы байланыс қамтуы жоқ «өлі аймақтарды» жою мақсатында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келді. Жоба, әсіресе, ауылдық және халқы сирек қоныстанған аймақтарда тұрақты байланысты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Бастама аясында тікелей спутниктік байланыс (DSS) технологиясы қолданылады. Бұл жүйе жер үсті мұнараларына қажеттіліксіз, тікелей орбиталық спутниктер арқылы деректерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компаниялар бұл технология арқылы табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда желінің үзілуін болдырмауды көздеп отыр.

Бұл серіктестік қолданыстағы келісімшарттарды жоймайды. T-Mobile компаниясының Starlink-пен, ал AT&T және Verizon-ның AST SpaceMobile, Amazon Leo және Skylo-мен жасасқан келісімдері өз күшінде қалады. Жаңа құрылым операторлар үшін бірыңғай техникалық стандарттарды әзірлеуге және спутниктік провайдерлермен жұмыс істеу процесін жеңілдетуге қызмет етеді.

AT&T бас директоры Джон Стэнки жобаның басты мақсаты пайдаланушылар қай жерде болмасын — ауыл жолдарында, ұлттық саябақтарда немесе теңізде болсын, үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Әрбір оператор өз қызметтері үшін баға саясаты мен тарифтік жоспарларды дербес белгілеу құқығын сақтап қалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » АҚШ-тың ірі байланыс операторлары «өлі аймақтарды» жою үшін бірігуде