Үндістандық Rapido компаниясы 3 миллиард долларға бағаланды

Үндістанның ride-hailing қызметтерін ұсынатын Rapido компаниясы өз қызметін кеңейту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 240 миллион доллар көлемінде жаңа инвестиция тартты. Осы қаржылық кезеңнен кейін компанияның жалпы құны 3 миллиард долларға жетті. Инвестициялық раундты Prosus басқарды, оған WestBridge Capital және Accel сияқты қолданыстағы инвесторлар да қатысты. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.
Компания тартылған қаражатты жоғары өсу әлеуеті бар нарықтарда өз орнын нығайтуға, жүргізушілер желісін кеңейтуге және платформа технологияларын жетілдіруге бағыттауды жоспарлап отыр. Rapido негізін қалаушы Аравинд Санка сұраныс жоғары, бірақ ұсыныс жеткілікті деңгейде қалыптаспаған аймақтарға көбірек көңіл бөлінетінін атап өтті.
2015 жылы құрылған Rapido Үндістанның 400-ден астам қаласында жұмыс істейді. Компания мотоциклдер мен авторикшалар сияқты арзан әрі ыңғайлы көлік түрлеріне басымдық бере отырып, нарықтағы үлесін айтарлықтай арттырды. Қазіргі таңда стартап шағын қалаларға да еніп, тіпті өзінің Ownly еншілес кәсіпорны арқылы тамақ жеткізу саласында да өз бағын сынап жатыр.
Бұл инвестиция Үндістан нарығында Uber-мен бәсекелестік күшейіп тұрған тұста жүзеге асырылды. Uber басшысы Дара Хосровшахи жақында Үндістанға сапарлап, елдегі инфрақұрылымды дамыту жоспарларын жариялаған болатын. Соған қарамастан, Rapido өзінің икемді бизнес моделімен Uber және Ola сияқты ірі ойыншыларға елеулі бәсекелес болып қала береді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!