date

Қытайда электр мен сутекті бір уақытта сақтайтын батарея жасалды

Қытайда электр мен сутекті бір уақытта сақтайтын батарея жасалды

Қытай Ғылым академиясының Далянь химиялық физика институтының ғалымдары электр энергиясы мен сутекті бір уақытта сақтауға мүмкіндік беретін жаңа типтегі аккумуляторды ұсынды. Бұл технологияның басты артықшылығы — жүйенің экстремалды қысымды немесе өте төмен температураны қажет етпеуі, оның бөлме температурасы мен қалыпты атмосфералық қысымда тұрақты жұмыс істеуі. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Жаңа батарея сутек пен магнийдің қатысуымен жүретін химиялық реакцияға негізделген. Зарядтау процесінде сутек бөлінсе, зарядсыздану кезінде ол металмен қосылып, қатты күйге ауысады. Бұл процесс құрылғыға энергия жинап қана қоймай, сутекті аккумулятор ішінде тиімді сақтауға мүмкіндік береді.

Әзірлеушілердің мәліметінше, жүйенің тиімділігі 94 пайызға жетеді, бұл дәстүрлі жылу сақтау әдістерінен шамамен үштен бірге жоғары. Прототип -20-дан +90 градусқа дейінгі кең температура диапазонында тұрақты жұмыс істейтінін көрсетті. Он ұяшықтан тұратын шағын блок 2,4 вольттық кернеу тудырып, жарықтандыру құрылғысын қуаттандыра алды.

Мамандар бұл технология болашақта портативті электроника мен жаңартылатын энергетика жүйелерінде кеңінен қолданылады деп күтуде. Әзірге зертханалық кезеңде тұрған бұл жаңалық қымбат әрі күрделі жоғары қысымды сутек резервуарларынан бас тартуға көмектеседі. Болашақта ғалымдар батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту және техникалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту бойынша жұмыс істейтін болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытайда электр мен сутекті бір уақытта сақтайтын батарея жасалды