date

Apple мен Epic Games арасындағы App Store дауы жаңа кезеңге өтті

Apple мен Epic Games арасындағы App Store дауы жаңа кезеңге өтті

Apple компаниясы Fortnite жасаушысы Epic Games-пен жалғасып жатқан сот процесінде жаңа тактиканы қолданды. iPhone өндірушісі App Store комиссиялары бойынша шығарылған сот шешімі барлық әзірлеушілерге, соның ішінде осы талапқа қатысы жоқ Microsoft пен Spotify сияқты алпауыттарға да қолданылмауы керек деп санайды. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Apple АҚШ Жоғарғы сотына берген арызында Epic Games ұжымдық талап арызбен шықпағанын және барлық әзірлеушілер үшін шектеулерді алып тастау Epic үшін қандай да бір жеңілдік беретінін дәлелдемегенін атап өткен. Компания төменгі сатыдағы соттың шешімін қайта қарауды сұрап отыр.

Даудың негізгі түйіні әзірлеушілерге өз қосымшаларында баламалы төлем жүйелеріне сілтемелер орналастыру құқығын беруге байланысты. Apple мұндай сілтемелерге рұқсат бергенімен, сыртқы төлемдерден 27 пайыз көлемінде комиссия ала бастады. Тоғызыншы округтік сот мұны сот шешімін менсінбеу деп бағалады, өйткені мұндай жоғары ақы сыртқы төлемдерді пайдалану мақсатын жоққа шығарады.

Apple өз ұстанымын қорғай отырып, сот шешімінде комиссиялар туралы нақты тыйым болмағанын, сондықтан техникалық тұрғыдан ешқандай заң бұзушылық орын алмағанын алға тартады. Ал Epic Games Apple-дің бұл әрекетін тұтынушылардың пайдасына қызмет ететін төлем бәсекелестігін кешіктіруге талпыныс деп атады.

Соған қарамастан, Epic Games жақында Fortnite ойынын бүкіл әлем бойынша (Австралиядан басқа) App Store платформасына қайтарды. Компания сот түптің түбінде Apple-дің қазіргі төлем жүйесін өзгертуге мәжбүрлейтініне сенімді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Apple мен Epic Games арасындағы App Store дауы жаңа кезеңге өтті