Гуманоидты роботтардың бағасы күрт төмендеді: енді олар көліктерден де арзан

Адам тәрізді роботтар нарығы түбегейлі өзгеріс қарсаңында тұр. Барлығы бір жыл бұрын инженерлік прототиптер үшін шамамен бір миллион юань (шамамен 150 мың доллар) сұралса, бүгінде Қытайдың екінші реттік нарықтарында мұндай құрылғылар он есе арзан бағамен жаппай пайда болуда. Қазіргі уақытта оларды шамамен 50 000 юаньға (шамамен 7,4 мың доллар) сатып алуға болады. Бұл туралы Ixbt.com хабар лайды.
Екінші реттік сауда платформаларында техноблогерлер мен агенттіктер сынақ үшін алған "дерлік жаңа" роботтардың саны да артты. Мұндай құрылғылар әдетте бастапқы бағасынан 60-70 пайыз жеңілдікпен сатылуда. Бірінші қол нарығында да бәсеке қызды: Unitree Robotics компаниясының R1 Air роботы 29 900 юаньдан ұсынылса, сәуір айында шығарылған жаңа екі қолды роботтың бағасы 26 900 юаньға дейін төмендеді.
Songyan Power компаниясы ұсынған Bumi роботы 9 998 юань бағамен адам тәрізді роботтар тарихында 10 000 юаньдық межеден төмен түскен алғашқы модель болды. Осы роботтың 500 данадан тұратын алғашқы партиясы барлығы екі күн ішінде сатылып кетті. Сондай-ақ, Booster Robotics компаниясының Booster K1 моделі де 29 900 юаньдан сатылуда, бұл өнеркәсіптік роботтар бағасының күрт төмендегенін білдіреді.
Роботтарды жалға беру нарығы да айтарлықтай арзандады. Егер бұрын гуманоидты роботтың бір күндік жалдау ақысы 10 000 юаньға жетсе, биылғы жылдың мамыр айында коммерциялық мақсаттар үшін жалдау бағасы күніне 800–1500 юаньға дейін төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, құрамдас бөліктер бағасының төмендеуі және зертханалық жағдайдан жаппай өндіріске көшу бағалардың одан әрі арзандауына ықпал етуде.



















Пікірлер 0
…