date

Мирзиёев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мирзиёев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 14 қазан күні, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Prezident.uz.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, сондай-ақ іс жүзіндегі ынтымақтастық бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды. Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, екі ел байланыстарының барған сайын нақты және нәтижеге бағытталған сипатқа ие болып келе жатқанын айтты.

Сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың тұрақты өсіп келе жатқаны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, өңірлік деңгейде жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларды қолдау, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді ашу және логистикалық инфрақұрылымды жақсарту мәселелері де қаралды.

Кездесу кезінде мәдениет, өнер және білім салаларындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқаны қанағаттанушылықпен айтылды. Президенттер инженер мамандарды даярлау, ғылыми тәжірибе алмасу және екі ел студенттері үшін білім алу мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады.

Сонымен бірге, екі ел басшылары алдағы уақытта өтетін бірлескен іс-шаралар жоспарын да қарастырды. Әңгіме соңында Шавкат Мирзиёев пен Владимир Путин өзара сенім мен достыққа негізделген стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

Бұл сөйлесу екі ел арасындағы қатынастардың дамуының кезекті маңызды кезеңі болып, Өзбекстан мен Ресей ынтымақтастығының тұрақты және прагматикалық бағытта өрбіп келе жатқанын тағы да көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Мирзиёев Путинмен телефон арқылы сөйлесті