date

Ташкентте автобустар үшін 10 көшеде жаңа жолақтар салынады

Ташкентте автобустар үшін 10 көшеде жаңа жолақтар салынады

Ташкент қаласы әкімдігі қалалық автобус қозғалысының тиімділігін арттыру мақсатында жеке жолақтар инфрақұрылымын құру бойынша жаңартылған жоспарларын ұсынды. Жаңа бағдарлама аясында 10 көшеде жедел автобус жүйесі (BRT – Bus Rapid Transit) енгізіледі.

Мәліметтерге сәйкес, жаңа жолақтардың жалпы ұзындығы 51 шақырымды құрайды (бұрынғы нұсқада — 57,5 км). Бұрын КХАИ–Паркент көшелері енгізілген болса, жаңартылған жоспарда олардың орнына Алишер Науаи мен Беруний көшелері қосылды.

Жүйе енгізілетін негізгі бағыттар:
Шота Руставели (5,1 км), Шахрисабз (3,2 км), Әмір Темір (5,7 км), Жаңа Сергели (5,3 км), Маxтумқұлы (1,3 км), Мирзо Ұлықбек – Феруза – Юзработ (10,4 км), Лұтфий мен Муқимий (5,9 км), Нурафшан (3,7 км), Қоратас – Көкча дарвоза (4 км) және Алишер Науаи – Беруний (6 км).

Әкімдік мәліметінше, бұл инфрақұрылымды салуға жалпы 126 миллион доллар бөлінеді (бұрынғы жобада 110 млн доллар болған).

Сарапшылардың айтуынша, жаңа жүйе астана қоғамдық көлігінің жылдамдығы мен сенімділігін айтарлықтай арттырады. BRT жүйесі арқылы кептелістер мен автобустардың кешігуі азаяды.

Жоба аясында автобустарға арналған жеке жолақтар, «ақылды» бағдаршам жүйесі және заманауи аялдамалар салынады. Бұл жолаушыларға жайлылық, уақыт үнемдеу және қауіпсіздік береді.

Сонымен қатар, жолаушылар санының артуы және жеке көліктерді пайдалану көлемінің азаюы болжануда. Экологтар бұл жобаның тек уақытты үнемдеп қана қоймай, ауаның ластануын да едәуір төмендететінін айтады.

Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады: алдымен инженерлік коммуникациялар жаңартылады, содан кейін жол белгілері жаңартылып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі және аялдамалар салынады.

Мамандардың пікірінше, бұл жүйенің енгізілуі Ташкенттің көлік жүйесін жаңа деңгейге көтереді. Жоба толық іске қосылғаннан кейін қоғамдық көлік жылдамдығы екі есеге дейін артуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкентте автобустар үшін 10 көшеде жаңа жолақтар салынады