Аргентиналық ана нәрестесіне BTS жұлдызының есімін берді

Аргентиналық ана нәрестесіне BTS жұлдызының есімін берді

Аргентинада BTS тобының жанкүйері болған әйел жаңа туған ұлына K-pop жұлдызы Мин Юнгидің құрметіне «Юнги Карлос» деп ат қойды. Мин Юнги жанкүйерлерге Suga сахналық атымен де танымал, ол BTS тобында рэпер және продюсер ретінде қызмет етеді.

Сәби отбасымен Буэнос-Айрес қаласында BTS тобына арналған жәрмеңкеге қатысқаннан кейін, оның ерекше есімі интернет қолданушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.

Баланың есімі жазылған құжат та әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. BTS жанкүйерлері бұл жағдайды топ мүшелеріне деген сүйіспеншілік пен адалдықтың ерекше көрінісі ретінде қабылдауда.

K-pop жұлдыздарының жанкүйерлер өміріне әсері, тіпті балаларға есім таңдауда да шабыт көзі бола алатыны осы оқиға арқылы тағы бір мәрте дәлелденді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар