date

Мектеп басшылары енді KPI негізінде бонустар алады

Мектеп басшылары енді KPI негізінде бонустар алады

Өзбекстанда мектеп директорлары, олардың орынбасарлары және мұғалімдер үшін еңбек тиімділігіне байланысты ай сайынғы үстемақы енгізілді, деп хабарлады Министрлер Кабинеті.

Жаңа жүйеге сәйкес, білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтардың жұмысы негізгі көрсеткіштер (KPI) бойынша бағаланады. Бонус төлемдері әр айда жиналған баллдарға сәйкес есептеледі.

Директорлар үшін 61–70 балл жинағандарға — 3 пайыз, 71–80 балл — 10 пайыз, 81–90 балл — 15 пайыз, ал 91–100 балл жинағандарға — 20 пайыз үстемақы төленеді. Директор орынбасарлары үшін бұл көрсеткіштер 2,5 пайыздан 10 пайызға дейін болады.

Бонус алу құқығына мектепте басшылық қызметте кемінде тоғыз ай жұмыс істеген тұлғалар ие болады. Бағалау критерийлері оқушылардың үлгерім деңгейін, олимпиадалар мен пәндік жарыстардағы жетістіктерін, шығармашылық белсенділікті және тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін қамтиды.

Сондай-ақ, “Заковат” клубтарының жетекшілеріне айлық жалақысының 50 пайызы көлемінде бір реттік бонус төленеді. Дене тәрбиесі мұғалімдеріне қызмет нәтижелілігіне қарай 20 пайызға дейін ынталандыру төлемі беріледі.

Мамандардың айтуынша, бұл жүйе мұғалімдердің еңбегін әділ бағалауға, кәсіби шеберлігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Мектеп басшылары енді KPI негізінде бонустар алады