date

2026 жылдан бастап тұрғын үй мен автокөлік саудасы тек қолма-қол емес төлеммен жүзеге асады

2026 жылдан бастап тұрғын үй мен көлік саудасы тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады

Өзбекстанда қаржылық тәртіпті күшейту, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту және заманауи төлем инфрақұрылымын енгізу мақсатында маңызды жаңалықтар күтілуде. 10 желтоқсан күні қабылданған президент жарлығы бойынша, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап бірқатар төлемдер тек қолма-қол ақшасыз — банк карталары немесе электронды төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылатын болады. Әділет министрлігі бұл туралы ресми мәлімдеме жасады.

Қай төлемдер тек электронды түрде жүзеге асады?

Жаңа тәртіп бойынша, 1 сәуірден бастап төмендегі бағыттарда қаражат тек қолма-қол ақшасыз қабылданады:

— мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер;

— электр энергиясы, газ және ауызсу үшін төлемдер;

— алкоголь және темекі өнімдерін сату;

— жанармай құю станциялары мен қуаттау бекеттерінде отын және электр қуатын сатып алу;

— құны 25 млн сумнан жоғары тауарлар мен қызметтер;

— жылжымайтын мүлік немесе өндірілгеніне 10 жылдан аспаған көліктер, арнайы техника саудасы.

Бұл шектеулер халық пен бизнестегі ашықтықты қамтамасыз ету, алаяқтық қауіпін азайту және заманауи төлем жүйелерін жаппай қолдануға бағытталған.

2030 жылға дейін көлеңкелі экономика едәуір азаяды деп жоспарлануда

Жарлықта белгіленген мақсаттарға сәйкес:

— ЖІӨ-мен салыстырғанда заңсыз экономикалық әрекеттердің үлесі 1,3 есе қысқарады;

— сауда және қызмет көрсету салаларында қолма-қол ақшасыз төлемдер 75%-ға дейін жеткізіледі.

Бұл көрсеткіштер ел экономикасындағы ашықтық деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттер болып табылады.

Барлық кәсіпкерлер үшін бірыңғай QR код міндетті болады

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Өзбекстандағы барлық сауда және қызмет көрсету саласындағы заңды тұлғалар электронды төлемдерді қабылдау үшін банктер арқылы жасалған бірыңғай QR кодқа ие болуы шарт.

1 қаңтардан бастап QR арқылы төлем қабылдау тәжірибеге енгізіледі,

1 шілдеден бастап:

— QR кодты пайдалану міндетті талапқа айналады;

— QR-ды қолданбау сауда ережелерін бұзу ретінде бағаланады.

Бұл талаптар POS-терминалдарға тәуелділікті жояды, төлем процесін жеңілдетеді және тұтынушының құқықтарын нығайтады.

Сертификация және декларациялау үшін жаңа тәртіптер енгізіледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

— біртекті импорт тауарлары үшін экологиялық және сәйкестік сертификаты 1 жылға дейін бір рет беріледі.

2026 жылдың 1 наурызынан бастап:

— салық органдарының қызметкерлері,

— сондай-ақ Нәваи және Чирчик қалаларында тұратын жеке тұлғалар

тарапынан жылдық кіріс декларациясын беру сынақ ретінде енгізіледі.

Бұл өзгерістер салық төлеушілерді есепке алуды жеңілдетеді және цифрлық бақылауды күшейтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2026 жылдан бастап тұрғын үй мен автокөлік саудасы тек қолма-қол емес төлеммен жүзеге асады