date

Өзбекстан бойынша айт намазының уақыттары жарияланды

Өзбекстан бойынша айт намазының уақыттары жарияланды

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы 2026 жылы Рамазан айт (Ид әл-Фитр) 20 наурыз, жұма күніне сәйкес келуіне байланысты айт намазының уақыттарын белгіледі.

Рамазан айт намазының оқылу уақыттары төмендегідей белгіленді:

Андижан облысы — 06:40
Ферғана облысы — 06:40
Наманган облысы — 06:40
Ташкент қаласы — 06:50
Ташкент облысы — 06:50
Сырдария облысы — 06:55
Жиззах облысы — 07:00
Самарқанд облысы — 07:00
Навои облысы — 07:05
Бұхара облысы — 07:05
Қашқадария облысы — 07:05
Сурхандария облысы — 07:05
Хорезм облысы — 07:25
Қарақалпақстан Республикасы — 07:30

Ақпарат үшін, кеше — 18 наурыз күні «Мүбәрак Рамазан айтты мерекелеу туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысы да қабылданды.

Оған сәйкес, биыл Рамазан айттың бірінші күні 20 наурыз, жұма күніне сәйкес келетіні туралы Өзбекстан мұсылмандары басқармасының ақпараты мәлімет үшін қабылданып, елде 2026 жылдың 20 наурызы Рамазан айт мерекесі ретінде кең көлемде атап өтіледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан бойынша айт намазының уақыттары жарияланды