Uzbekistan Airways Ташкент–Тель-Авив рейстерін қайта іске қосты

Uzbekistan Airways 14 сәуірден бастап Ташкент — Тель-Авив бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін қайта іске қосты. Бұл туралы Өзбекстанның Израильдегі Өзбекстан елшілігі хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, ұшулар аптаның дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.
Сонымен қатар 3 мамырдан бастап жексенбі күндері Ташкент — Самарқанд — Тель-Авив және Тель-Авив — Ташкент бағыттары бойынша қосымша рейстер іске қосылуы жоспарлануда.
Uzbekistan Airways наурыз айының соңында Тель-Авивке рейстерді мәжбүрлі түрде тоқтатқан болатын.
Осылайша, әуе компаниясы халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіріп, бағыттар желісін кеңейтуді жалғастыруда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз