date

Энергияны үнемдеу мақсатында газ бен электр энергиясын шектеуге ресми тыйым салынды

Энергияны үнемдеу үшін газ бен электр қуатына шектеу қоюға ресми түрде тыйым салынды

Өзбекстанда энергия ресурстарын үнемдеу мәселесі бойынша жаңа тәсіл енгізілді. Енді газ бен электр энергиясын үнемдеу мақсатында тұтынушыларға шектеу қою немесе желіден ажырату арқылы үнемдеу тәжірибесіне жол берілмейді.

Бұл туралы 29 сәуірде қабылданған Президент жарлығында белгіленді. Құжат «2026 жылы энергия тиімділігін арттыру, ресурстарды үнемдеу және оларды ұтымды пайдаланудың қосымша шараларына» арналған.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап министрліктер мен ведомстволар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекет қатысатын кәсіпорындар салатын немесе жөнделетін барлық ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша кемінде «С» деңгейінен төмен болмауы шарт етіп белгіленді.

Ең бастысы, электр және табиғи газды үнемдеу үшін тұтынушыларды ажыратуға немесе оларға жасанды шектеулер енгізуге тыйым салынды. Бұл халық пен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды шешім ретінде бағалануда.

Сонымен қатар, Энергия тиімділігі ұлттық агенттігіне бірқатар жаңа өкілеттіктер берілді. Атап айтқанда, арнайы қор арқылы энергия сервистік компаниялары көрсететін қызметтер үшін кепілдендірілген төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі жасалды.

2026 жылдан бастап энергия шығыны нормадан жоғары мемлекеттік нысандарда халықаралық стандарттарға негізделген тиімділікті арттыру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қазанға дейін энергия тұтынуды талдауда заманауи технологиялар — үлкен деректер (Big Data), бизнес-талдау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жүйесі енгізіледі.

Мамандардың пікірінше, бұл өзгерістер энергия ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етумен қатар, саладағы ашықтық пен тиімділікті одан әрі арттыруға қызмет етеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Энергияны үнемдеу мақсатында газ бен электр энергиясын шектеуге ресми тыйым салынды