date

Өзбекстандық қажылардың елге оралу мерзімі белгілі болды

Өзбекстандық қажылардың елге оралу мерзімі белгілі болды

Бүгін, 2 маусым күні «Қажылық – 2026» маусымын аяқтаған өзбекстандық зияратшыларды алып келетін алғашқы әуе рейстері Жидда–Ташкент бағыты бойынша елімізге жетеді. Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлім етілгендей, ең алдымен Ташкент қаласынан қажылыққа аттанған зияратшылар отанына оралады. Осыған орай қажыларды қарсы алу шаралары ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, зияратшыларды республикадағы 10 халықаралық әуежайда салтанатты түрде қарсы алу жоспарланған. Жауапты тұлғалар қажылардың қауіпсіз және қолайлы жағдайда өз мекенжайларына жетуін қамтамасыз ету шараларын қабылдауда.

Мәліметке сәйкес, Жидда қаласынан өзбекстандық қажыларды алып келу процесі 2026 жылдың 19 маусымына дейін жалғасады. Қажылық парызын өтеген мыңдаған азамат кезең-кезеңімен елімізге қайтарылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстандық қажылардың елге оралу мерзімі белгілі болды