date

Карачиде үш қабатты үй жарылды

Карачиде үш қабатты үй жарылды

Пәкістанның ірі қаласы - Карачиде үш қабатты тұрғын үйде болған күшті газ жарылысы ауыр қайғылы жағдайға әкелді. Оқиға салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты. Бұл туралы GZT хабарлады.

Жарылыс 19 февраль күні таңғы сағат 04:15 шамасында тұрғын үйдің бірінші қабатында болғаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар қалалық азаматтық ауруханаға жеткізілді.

Полиция басшылығының өкілі Джамшид Ашердің айтуынша, апатқа ғимараттағы газ жүйесіндегі ақау себеп болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Тағы 14 азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, кейбіреулерінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Қауіпсіздік қызметтері жарылыстың себептерін анықтау үшін газдың ағуына байланысты барлық жағдайларды тексеріп жатыр. Сондай-ақ, жарылыс салдарынан жақын маңдағы ғимараттар мен көліктерге зақым келген.

Синд провинциясының премьер-министрі Мурад Али Шах оқиғаға қатты қайғырып, трагедияның нақты себептерін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Пәкістан Президенті - Асиф Али Зардари қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздікті бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Карачиде үш қабатты үй жарылды