date

Өзбекстанда ақылы жолдарда жаңа жылдамдық нормасы енгізіледі

Өзбекстанда ақылы жолдарда жаңа жылдамдық нормасы енгізіледі

Өзбекстанда ақылы жолдарда сағатына 150 км дейін жылдамдықпен жүруге рұқсат берілмек. Бұл туралы Автожолдар комитетінің бас заңгері Хасан Умаров хабарлады.

Оның айтуынша, «Автожолдар туралы» заңның жаңа редакциясында ақылы жолдарға қатысты нормалар енгізілуде. Заң қабылданғаннан кейін жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіліп, ақылы жолдарда 150 км/сағ жылдамдыққа дейін рұқсат беріледі.

Умаров атап өткендей, ақылы жолдардың төлемін есептеу әдістемесі үкімет тарапынан бекітіледі. Максималды мөлшер белгіленіп, инвесторлар бұл сомадан артық ала алмайды.

«Мысалы, қазір 100–200 км жол жүрсеңіз, бірнеше радарға түсесіз. Бір радарға түссеңіз де 200 мың сум төлейсіз. Ал ақылы жолда алдын ала есеп бойынша 200 км үшін шамамен 100 мың сум болады. Бірақ бұл есептер өзгеруі мүмкін», — деді Умаров.

Мәжіліс депутаты Фарход Зайниевтің айтуынша, ақылы жол салу кезінде оған балама тегін жолдың болуы міндетті.

«Қазіргі бар жол ақылыға айналмайды. Ол сол қалпында қалады, ал қасына жаңа ақылы жол салынады. Демек, жүргізушіде таңдау болады — тегін мемлекеттік жолмен жүру немесе уақыт үнемдеу үшін ақылы жолды пайдалану», — деді ол.

Сонымен қатар, заңда төтенше жағдай кезінде ақылы жолдардың тегін пайдаланылатыны және жедел жәрдем мен полиция көліктерінің ақысыз жүретіні көрсетілген.

Ақпарат үшін, Заң шығару палатасы "Автомобиль жолдары туралы" жаңа заңды 23 сентябрьде қабылдап, Сенатқа жіберген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Өзбекстанда ақылы жолдарда жаңа жылдамдық нормасы енгізіледі