date

Австралияда Tesla-ға метеорит түсті - жүргізуші ғажайып түрде аман қалды

Австралияда Tesla-ға метеорит түсті - жүргізуші ғажайып түрде аман қалды

Австралияда Tesla Model Y көлігінің алдыңғы әйнегіне метеорит түскені хабарланды.

19 октябрь күні доктор Эндрю Мелвилл-Смит пен оның әйелі жаңадан сатып алған Tesla Model Y көлігімен Аугуста тасжолымен сағатына 110 км жылдамдықпен келе жатқан. Кенеттен көліктің алдыңғы әйнегіне қатты соққы тиді - ішіндегі барлық әйнектер шашылып кетті.

"Басында қатты жарылыс естілді. Көліктің іші әйнек сынықтарымен қапталды, түтін шықты, тіпті жанып жатқандай иіс келді," - деді Мелвилл-Смит.

Соққы кезінде жүргізуші мен оның әйелі 10 секундқа естімей қалған, бірақ көліктің автопилот жүйесі іске қосылып, адам араласуынсыз қозғалысты жалғастырған.

"Мен шок болдым. Экранға қарасам, көлік әлі жүріп жатыр екен. Порт Аугустаға қарай өз жолымен кетіп бара жатты. Біз тоқтаған кезде терезеде үлкен кратердің пайда болғанын көрдік," - деді жүргізуші.

Оңтүстік Австралия мұражайы оқиғаны зерттеуге кірісті. Геолог Киран Меани соққы салдарынан әйнектің күйген іздері мен көліктің зақымдану дәрежесі метеорит соққысынан хабар беруі мүмкін екенін айтты.

"Ең қызығы, алдыңғы әйнекке соғылған зат өте ыстық болды," - деді ол.

Әзірге нысанның өзі табылған жоқ. Мамандар оны темір немесе тас құрамды кішкентай ғарыштық сынық болуы мүмкін деп болжайды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың август айында АҚШ-тың Джорджия штатында да метеорит тұрғын үйдің төбесіне құлаған болатын. Мұндай жағдайлар сирек кездессе де, соңғы жылдары кіші метеорит соқтығысуларының саны артып келе жатқаны байқалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Австралияда Tesla-ға метеорит түсті - жүргізуші ғажайып түрде аман қалды