date

Машина империясы құлап жатыр ма? Германияда автомобиль өндірісі тоқтап тұр

Машина империясы құлап жатыр ма? Германияда автомобиль өндірісі тоқтап тұр

Германияда автомобиль өнеркәсібі ауыр дағдарыс кезеңін бастан өткеруде. Баварияда орналасқан Diepersdorf Plastic Manufacturing компаниясы банкрот деп жарияланды. 50 жылдық тарихы бар бұл кәсіпорын автомобиль өнеркәсібі үшін логотиптер, радиатор торлары мен сәндік бөлшектер шығаратын.

Банкроттыққа негізгі себеп - сұраныстың төмендеуі, шикізат пен энергия бағасының өсуі болды. Салдарынан Германия мен Чехиядағы зауыттарда жұмыс істейтін 1000-нан астам қызметкер жұмыссыз қалу қаупінде.

Бұл Германияның автомобиль өнеркәсібіндегі жалғыз мәселе емес. Осы аптада Mahle компаниясы да 1000-ға жуық жұмыс орнын қысқартатынын жариялады. Бұған дейін Bosch пен ZF Friedrichshafen де осындай шешім қабылдаған болатын.

Сарапшылардың пікірінше, бұл үдеріс Еуропаның ең ірі автоөндіруші елі үшін елеулі қауіп сигналы.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Машина империясы құлап жатыр ма? Германияда автомобиль өндірісі тоқтап тұр