date

Тасталған Renault Twingo раллиге бейімделді

Тасталған Renault Twingo раллиге бейімделді

Лондонда тұратын француз Эрик Тростлер автомобиль журналынан бірінші буын Renault Twingo көліктеріне арналған «Twing Raid» раллиі туралы мақаланы оқып қалды. Ол бұған дейін Twingo айдамаса да, бұл идея оны қызықтырды. Тағдырдың жазуымен, бір аптадан кейін Франциядағы досы оған алты жыл бойы қараусыз қалған 1999 жылғы Renault Twingo көлігін сыйға тартты. Бұл туралы Autocar.co.uk хабарлайды.

Эрик бұл көлікпен Испаниядан Марокконың Марракеш қаласына дейін созылатын 10 күндік шытырман оқиғаға қатысуға шешім қабылдады. Раллиге барлығы 450-ге жуық Renault Twingo қатысты. Көлікті жарыс жағдайына бейімдеу үшін Эриктің ағасы көмекке келді. Олар қозғалтқыштың сенімділігіне байланысты 1149 текше сантиметрлік агрегатқа тиіспеуді жөн көрді.

Негізгі өзгерістер көліктің төзімділігін арттыруға бағытталды. Ағасы алдыңғы және артқы бөліктерге қорғаныс тақталарын орнатты, аспа жүйесін (подвеска) алдынан 5 см, артынан 6 см-ге көтерді. Сондай-ақ, 13 дюймдік дөңгелектер анағұрлым берік 14 дюймдік шиналармен ауыстырылды.

Салон ішінде де елеулі өзгерістер жасалды. Артқы орындықтар алынып тасталып, олардың орнына екі қосалқы дөңгелек, өрт сөндіргіштер және қажетті құрал-саймандар орналастырылды. Жүк салғыш еденінің астында Эрик пен оның серігі Адам Уайтқа ұзақ жолда керек болатын қосалқы бөлшектер мен жөндеу құралдары үшін арнайы орын дайындалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Тасталған Renault Twingo раллиге бейімделді