date

Қорқынышты фильмдер стрессті азайта ма?

Қорқынышты фильмдер стрессті азайта ма?
Көпшілік үшін қорқынышты фильмдер жүйкені ширықтыратын және жүректі қысып жіберетін көрініс болып саналады. Алайда психологтардың айтуынша, мұндай фильмдер керісінше адамның психикасына пайдалы болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, қорқынышты фильмдер стресс пен уайымды азайтуға көмектеседі.

Австралиялық ғалым Марк Миллер бұл құбылысты «қорқыныш парадоксы» деп атайды. Оның айтуынша, адамдар табиғаты бойынша қауіптіліктен қашуға бейім, бірақ қорқынышты фильмдерді көру арқылы ми қауіпке дайын болуды үйренеді. Бұл күнделікті өмірдегі белгісіз жағдайларға төзімділікті арттырады.

Аризона штатындағы психолог Колтан Скривнер көрермендерді үш топқа бөледі: «Адреналин іздеушілер», «Қорқынышты жеңушілер» және «Рухани қорғанушылар». Соңғы топтағы адамдар мұндай фильмдерді өмірдегі қауіп пен мазасыздыққа дайындалу үшін көреді. Сондықтан олар психологиялық тұрғыдан мықтырақ келеді.

Мамандардың айтуынша, қорқынышты фильмдер адамға өз сезімдерін басқаруды және қорқынышты бақылауды үйретеді. Мысалы, пандемия кезінде қорқынышты фильмдерді жақсы көретін көрермендер өзгелерге қарағанда сабырлырақ болған.

Сондықтан психологтар қорқынышты фильмдерді тек толқу көзі емес, пайдалы «терапия» деп атайды. Олар адам санасын қауіпсіз ортада қорқынышпен таныстырып, шынайы өмірдегі стресс пен уайымға төзімділікті күшейтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Денсаулық » Қорқынышты фильмдер стрессті азайта ма?