date

Жасанды интеллект енді сүт безі қатерлі ісігін бес жыл бұрын болжайды

Жасанды интеллект енді сүт безі қатерлі ісігін бес жыл бұрын болжайды

Ғылым әлемі тағы бір үлкен қадам жасады - енді жасанды интеллект көмегімен сүт безі қатерлі ісігін алғашқы сатыда-ақ анықтауға болады.

Ғалымдар ойлап тапқан Clairity Breast атты жаңа технология қарапайым рентген суреттерін талдау арқылы қатерлі ісік белгілері пайда болғанға дейін бес жыл бұрын аурудың даму мүмкіндігін анықтай алады. Бұл тәуекел тобындағы әйелдер үшін табысты мүмкіндік береді.

Жаңа жасанды интеллект жүйесі қатерлі ісік қаупін болжап қана қоймай, қандай профилактикалық шаралар науқас үшін тиімді болатынын да ұсынады.

Clairity Breast жобасының авторлары жүйені АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) ресми түрде мақұлдағанын және жақын арада АҚШ клиникаларында тәжірибеге енгізілетінін айтты.

Мамандардың пікірінше, бұл инновация қатерлі ісікті ерте анықтау және адам өмірін сақтап қалуда жаңа дәуірді бастайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Денсаулық » Жасанды интеллект енді сүт безі қатерлі ісігін бес жыл бұрын болжайды