Хави Симонс әлеуметтік желіде Савиньоның Тоттенхэмге ауысуына ишара жасады

Тоттенхэм плеймейкері Хави Симонс бұрынғы серіктесі Савиньомен бір клубта қайта қауышу мүмкіндігіне ишара жасап, «шпорлар» жанкүйерлерін толқытты. Солтүстік Лондон клубы Манчестер Сити шабуылшысын Тоттенхэм Хотспур стадионына шақыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Бразилиялық футболшы үшін Этихад стадионындағы өткен маусым сәтсіз өтті. Бұл туралы Goal.com хабар береді.
Хави Симонс Instagram-дағы белсенділігі арқылы Савиньоның Тоттенхэмнің жазғы трансфер тізімінде жоғары орында тұрғанын растағандай болды. Бұл екі футболшы кезінде ПСВ сапында бірге ойнаған. Симонстың әлеуметтік желідегі әрекеттері Манчестер Сити құрамында орнын таба алмаған вингердің трансфері жеделдеп жатқанын білдіреді.
Бразилиялық вингер 2025-26 жылғы АПЛ маусымының қорытындысы бойынша командаға қажетсіз деп саналуда. Былтыр 2031 жылға дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғанына қарамастан, Савиньо жақында клубтан кеткен Пеп Гвардиола басқаруында негізгі құрамнан орын ала алмады. Тоттенхэм болса, сәтсіз маусымнан кейін құрамды қайта жасақтауға асығуда.
Трансфер сарапшысы Фабрицио Романоның мәліметінше, Савиньоның Тоттенхэмге ауысуы бойынша келіссөздер жалғасуда және процесс оң бағытта жылжып келеді. Манчестер Сити 22 жастағы футболшыны шамамен 60 миллион фунт стерлингке бағалап отыр. Жаңа бапкер Энцо Мареска құрамды жаңартуды көздегендіктен, клуб лайықты ұсыныс түссе, футболшыны сатуға дайын.
Савиньоның өзі де көбірек ойын тәжірибиесін алу үшін Лондон клубына ауысуға келісім берді. Тоттенхэм басшылығы өткен маусымдағы қауіпті аймақтан алыстау және шабуылды күшейту үшін бразилиялық футболшыны басты нысана ретінде қарастыруда. Фабрицио Романо X платформасында: «Савиньо бойынша келіссөздер жақсы өтуде, Тоттенхэм футболшының өзі де бұл трансферді қалайтынына сенімді», - деп жазды.



















Пікірлер 0
…