Гарри Кейн Лондондағы мадам Тюссо мұражайында өз мүсініне ие болды

Англия құрамасының капитаны Гарри Кейннің мансабында алаңнан тыс маңызды оқиға орын алды. Лондондағы әйгілі мадам Тюссо мұражайында шабуылшының балауыз мүсіні орнатылды. «Бавария» жұлдызы бұл оқиғаны отбасы үшін мақтанышты сәт деп атап, мүсіннің өте дәл жасалғанына таңғалғанын жасырмады. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
Қазір Майамиде жүрген Гарри Кейн мүсінмен жұмыс істеп жатқан суретшілермен тығыз байланыста болды. Оның сыртқы келбетіне, Англия құрамасының формасына және тіпті ол таңдайтын бутсыларына дейін әрбір детальға ерекше назар аударылды. Мүсінде Кейн аяғын доптың үстіне қойған классикалық қалыпта бейнеленген.
Шабуылшыны әсіресе мүсіннің ұсақ детальдары таңғалдырды. Суретшілер тіпті оның неке жүзігін тағатын саусағындағы буынды да ұмытпаған — Кейн әр гол соққан сайын осы буынды сүйіп мерекелейді. «Соңғы нәтижені көру ерекше болды; көздер соншалықты шынайы көрінеді, xудди айнаға қарап тұрғандаймын», — деді футболшы.
Тұсаукесер рәсіміне Кейн жұбайы Кейт және төрт баласымен қатысты. Сондай-ақ, шараға футболшының мансабы басталған «Риджуэй Роверс» клубының жас тәрбиеленушілері де шақырылды. Кейн бұл мүсін болашақ ұрпақ үшін мотивация көзі болады деп үміттенеді.
«Лондон мен үшін қадірлі қала, мұнда бүкіл ғұмырымды өткіздім. Жас жанкүйерлерімнің бұл мүсінмен суретке түсуін асыға күтемін. Бұл оларды өздеріне сенуге және еңбек етуге шабыттандырады деп үміттенемін», — деп қосты Англия құрамасының барлық уақыттағы үздік сұрмергені.



















Пікірлер 0
…