date

Жасанды интеллект инвестициялары Еуропа валюталарын нығайтты

Жасанды интеллект инвестициялары Еуропа валюталарын нығайтты
Ұлыбритания мен Швецияда жасанды интеллект саласына инвестициялар көбейіп жатыр. Бұл валюта нарықтарына да әсер етті. Соңғы айларда фунт стерлинг пен швед кронасы басқа еуропалық валюталарға қарағанда күшейді.

Стенфорд университетінің деректеріне қарағанда, өткен жылы осы екі ел жасанды интеллект саласында ең көп инвестиция тартқан мемлекеттердің қатарына кірді. Microsoft пен Meta Швецияда деректер орталықтарын салып жатыр.

Ұлыбритания Америка Құрама Штаттарымен технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Microsoft елге 31 миллиард фунт (шамамен 39 миллиард доллар) инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл фунттың бағамын көтерді.

Экономистердің айтуынша, жасанды интеллект экономикалық өсуді жеделдетуі мүмкін, бірақ ол еңбек нарығына жаңа мәселелер әкелуі ықтимал.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Жасанды интеллект инвестициялары Еуропа валюталарын нығайтты