date

Оңтүстік Кореяның KB Financial компаниясы стейблкоин сынағын аяқтады

Оңтүстік Кореяның KB Financial компаниясы стейблкоин сынағын аяқтады

Оңтүстік Кореяның ең ірі қаржы ұйымы KB Financial Group Kaia блокчейнінің көмегімен офлайн төлемдер мен трансшекаралық ақша аударымдарына арналған стейблкоин сынағын сәтті аяқтады. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, сынақ барысында Оңтүстік Корея вонына байланған цифрлық активтің эмиссиясы, сауда нүктелерінде есеп айырысу және халықаралық ақша аударымдары сияқты кезеңдер жүзеге асырылды. Бұл туралы Cointelegraph.com хабар береді.

Тәжірибе аясында вон стейблкоиндері АҚШ доллары стейблкоиндеріне айырбасталып, Вьетнамдағы банк шотына жіберілді. Kaia өкілдерінің айтуынша, бұл операция 3 минуттан аз уақыт ішінде аяқталды және SWIFT желісі арқылы жасалатын дәстүрлі аударымдармен салыстырғанда комиссиялық төлемдер 87 пайызға арзандады.

Офлайн төлемдер сынағы Сеулдегі Hollys кофеханалар желісі арқылы өткізілді. Клиенттер крипто-әмиян орнатпастан, QR-код көмегімен төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл Оңтүстік Кореядағы ірі қаржы институттарының цифрлық активтер саласына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта KB Financial елде цифрлық активтер бойынша заңнамалық база толық қалыптасқаннан кейін стейблкоин қызметтерін кең ауқымда енгізуге дайындық жүргізуде. Алайда, Оңтүстік Корея Орталық банкі мен Қаржылық қызметтер комиссиясы арасында стейблкоин эмитенттеріне қойылатын талаптар бойынша келіспеушіліктер сақталуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Оңтүстік Кореяның KB Financial компаниясы стейблкоин сынағын аяқтады