date

Өзбекстандық іскер топ делегациясы Ауғанстанға сапармен барды

Өзбекстандық іскер топ делегациясы Ауғанстанға сапармен барды

Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов бастаған 100-ге жуық өзбекстандық кәсіпкерден тұратын делегация Ауғанстанға жетті. Термез шекаралық кеден бекетінен өткен қонақтарды Балх уәлаятының басшылығы мен Ауғанстан Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қарсы алды. Бұл туралы хабарлайды Uzdaily.uz.

Делегация алдымен Өзбекстан–Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан «Astras» компаниясына қарасты логистикалық орталықта болды. Сапар барысында орталықтың қызметі, жүктерді қабылдау, сақтау және экспорт-импорт операцияларын ұйымдастыру процестерімен жақын танысты.

Одан кейін делегация мүшелері Наибабад темір жол станциясына барып, жүк тасымалдау қызметтері, логистикалық механизмдер және қолда бар инфрақұрылым мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ, Мазари-Шариф қаласындағы «Mozori Hotel» сауда орталығында аймақтағы кәсіпкерлік орта мен бизнес жүргізу мүмкіндіктері зерттелді.

Өзбекстан делегациясының Ауғанстандағы сапары жалғасуда. Бағдарлама аясында екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстандық іскер топ делегациясы Ауғанстанға сапармен барды