date

Zcash бағасы 88 пайызға өсуі мүмкін

Zcash бағасы 88 пайызға өсуі мүмкін

Құпиялылыққа бағытталған Zcash (ZEC) криптовалютасы техникалық талдау тұрғысынан күшті өсу сигналдарын беруде. Сарапшылар ZEC/USD жұбында қалыптасқан «шыныаяқ пен сап» (cup-and-handle) графигі алдағы апталарда бағаның 1000 USD-ден асуына әкелуі мүмкін екенін атап өтуде. Бұл туралы хабарлайды Cointelegraph.com.

Қазіргі уақытта ZEC бағасы 625–650 USD шамасындағы қарсылық деңгейін бұзып өтуге тырысуда. Егер бұл техникалық пішін өзін ақтаса, маусым немесе шілде айларына қарай криптовалюта құны 1091 USD-ге дейін, яғни ағымдағы бағадан 88 пайызға қымбаттауы күтілуде.

Соңғы үш күн ішінде ZEC 18 пайызға өсті, ал жалпы крипто нарығы 3,45 пайызға төмендеді. Бұл жағдай инвесторлар арасында Zcash өзiнiң тәуелсіз «бұқа нарығын» бастан кешіріп жатыр деген пікірлерді тудырды.

Жалпы алғанда, құпиялылықты қамтамасыз ететін токендер секторы соңғы бір айда айтарлықтай жанданды. ZEC 73 пайыздан астам өсіммен көш бастап тұрса, Monero (XMR) және Dash (DASH) сияқты криптовалюталар да оған ілесуде. Салыстырмалы түрде айтсақ, жалпы крипто нарығының капиталдануы осы кезең ішінде небәрі 0,2 пайызға ғана өсті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Zcash бағасы 88 пайызға өсуі мүмкін