date

Сахнадағы сұмдық сәт: от Тан Ташчиді жұтып қоя жаздады

Сахнадағы сұмдық сәт: от Тан Ташчиді жұтып қоя жаздады

Түркиялық танымал әнші Тан Ташчи Измирдегі «Гөзтепе Гюрсель Аксель» стадионында өткен ауқымды концерт кезінде күтпеген әрі қауіпті жағдайға тап болды.

Белгілі болғандай, әртіс жанкүйерлеріне жақынырақ болу үшін сахна шетіне жақындаған. Дәл сол сәтте сахналық эффектілерге арналған от жүйесі кенеттен іске қосылған. Қатты желдің әсерінен оттың бағыты өзгеріп, тікелей әншінің бетіне қарай лаулаған.

Бұл қауіпті сәттер көрермендер мен ұйымдастырушыларды қатты шошытты. Оқиға орнында қысқа мерзімді дүрбелең болғанымен, жағдай тез бақылауға алынды.

Ең бастысы, сәтті кездейсоқтықтың арқасында Тан Ташчи ешқандай ауыр жарақат алмай, үлкен қауіптен аман қалды. Дегенмен, бұл оқиға сахналық техника мен қауіпсіздік шараларына неғұрлым байыпты қарау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Сахнадағы сұмдық сәт: от Тан Ташчиді жұтып қоя жаздады