Малайзияда маймылдар Чеченканы «қоршауға алды» (видео)

«Чеченка» лақап атымен танымал блогер Гулзода Абдуллаева Instagram парақшасында Малайзияға саяхаты кезінде басынан өткерген күлкілі әрі ерекше оқиға түсірілген видеоны бөлісті.
Видеода ол ұлымен бірге маймылдарға банан беріп жатқаны көрсетілген. Алайда жағдай күтпеген жерден өзгереді — банандарды көрген маймылдар олардың айналасын қоршап алып, «соғыс» бастағандай әрекет етеді.
Тіпті маймылдардың бірі блогердің иығына, кейін басына шығып алады. Чеченка оны түсіру үшін алдымен бір банан береді, бірақ маймын түспейді. Соңында тағы бір банан беруге мәжбүр болады және екі банан алған маймын ақыры төмен түседі.
Блогер бұл жағдайдан бір мезетте қорқып та, күліп те жібереді. Басқа маймындар да банан алу үмітімен оның үстіне шығуға тырысады және оларды да бананмен «тыныштандырады».
Жанындағы ұлы бұл жағдайдан қатты қорқып кетеді және тіпті маймындарға банан беруден бас тартады. Видеода кішкентай маймындардың бірінің оның үстіне шығып кеткені де түсірілген.
Айналадағылар бұл оқиғаны күлкімен тамашалаған болса, әлеуметтік желі қолданушылары да видеоны жылы қабылдап, пікірлерде мағыналы әрі күлкілі ойлар қалдыруда.



















Пікірлер 0
…