5300 жылдық мумиядан қауіпті микроорганизмдер анықталды

1991 жылы Өтцталь Альпі тауларында табылған 5300 жылдық мумиядан оның біртіндеп ыдырауына себеп болуы мүмкін саңырауқұлақтар мен бактериялар анықталды. Бұл туралы Microbiome журналында жарияланған зерттеуде хабарланды.
Қола дәуірінің адамы, Эци деп аталатын мумия қазіргі уақытта Оңтүстік Тироль археологиялық мұражайында сақталуда. Мумия арнайы температура мен ылғалдылық жағдайында сақталғанымен, бұл шаралар микроорганизмдердің әрекетін толық тоқтата алмайды.
Зерттеушілер мумияның терісін, тіндерін, ылғал үлгілерін және ол табылған аумақтан алынған топырақты зерттей отырып, заманауи және ежелгі микроорганизмдерді анықтауға қол жеткізді. Олардың кейбіреулері, соның ішінде ішек бактериялары, Эци тірі кезінде оның ағзасында болғаны белгілі болды.
Мамандар мумияның терісінде ақуыздарды, майларды және коллагенді ыдырата алатын суыққа төзімді саңырауқұлақтарды, сондай-ақ фенолды ыдырататын бактерияларды анықтады.
Ғалымдардың пікірінше, мумияны сақтаудың ең тиімді әдісі оны қайтадан мұздату болып табылады. Алайда бұл ғылыми зерттеулер мен мұражай келушілері үшін қолжетімділікті шектеуі мүмкін. Сондықтан мұражай қызметкерлері микроорганизмдерді тұрақты түрде бақылауды және ықтимал залалды уақытылы анықтауды жоспарлап отыр.



















Пікірлер 0
…