date

Лас ауадан қорғауда жемістердің тиімділігі анықталды

Лас ауадан қорғауда жемістердің тиімділігі анықталды

Амстердамда өткен Еуропалық тыныс алу қоғамының (ERS) конгресінде Ұлыбританияның Лестер университетінің ғалымдары ауа ластануынан қорғанудың қарапайым тәсілі туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Сарапшылар Ұлыбритания Биобанкінің 200 мыңға жуық қатысушысы туралы деректерді талдап, мынадай қорытындыға келді: егер адам күніне кем дегенде төрт немесе одан да көп дәмді жеміс-жидек жесе, өкпе ауадағы зиянды бөлшектердің әсерінен ішінара қорғалуы мүмкін.

Зерттеуде бұл әсер әсіресе әйелдерде айқын көрінгенін атап өтті. Өйткені олар жеміс-жидек тұтынуды көбірек жолға қойған. Ерлер жеміс-жидектерді орташа есеппен аз жегендіктен, қорғаныс әсері онша күшті байқалмады.

Ғалымдар бұл жағдайды жемістердің құрамында антиоксиданттар мен қабынуға қарсы заттардың көптігімен түсіндіреді. Олардың пікірінше, бұл қосылыстар ауаның ластануынан болатын теріс әсерді ішінара азайтады.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, салауатты тамақтану экологиялық шаралардың орнын толық алмастыра алмайды. Дегенмен, жеміс-жидек пен көкөніске бай рацион, әсіресе үлкен қалаларда тұратындар үшін қосымша қорғаныс құралы бола алады.

Бір қызығы, ғалымдар мангоны тұтынуға да тоқталып, бұл жемісті күнделікті жесе, құрамында қант мөлшері жоғары болғанына қарамастан, қант диабетінің қаупін төмендетуі мүмкін екенін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Лас ауадан қорғауда жемістердің тиімділігі анықталды

Ең көп оқылғандар Пайдалы жаңалықтары