date

Өсек туралы күтпеген нәтиже: ғалымдар таң қалды!

Өсек туралы күтпеген нәтиже: ғалымдар таң қалды!

Калифорния университетінің ғалымдары қызықты қорытындыға келді — үнемі басқалар туралы әңгімелесетін жұптар өз қарым-қатынастарынан көбірек қанағат алады. Бұл туралы PsyPost хабарлады.

Зерттеуге кем дегенде бір жыл бірге өмір сүрген Оңтүстік Калифорниялық 76 жұп қатысты. Әр қатысушыға әңгімелерді жазып алатын арнайы құрылғы берілді және олар оны екі демалыс аптасы бойы тағып жүрді. Нәтижесінде үйде, жұмыста және достар арасында жүргізілген шамамен 100 мыңға жуық аудиожазба жиналды.

Талдау барысында мамандар жұптардың басқалар туралы сөйлескен жазбаларын бөліп алды. Бұл жағдайлар өсек ретінде бағаланды. Белгілі болғандай, дерлік барлық жұптар күн сайын орта есеппен 38 минутын басқаларды талқылауға жұмсайды.

Тәжірибе аяқталған соң, қатысушыларға жеке өмірлерінен қаншалықты қанағаттанатынын анықтайтын сауалнама толтыру ұсынылды. Нәтижесінде, жиі өсек айтатын жұптар өз қарым-қатынастарынан әлдеқайда риза екені анықталды.

Ғалымдардың айтуынша, көбінесе жағымсыз деп саналатын басқалар туралы әңгімелер жұптар арасындағы сенімді нығайтады және олардың әлеуметтік байланыстарын кеңейтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Өсек туралы күтпеген нәтиже: ғалымдар таң қалды!