date

Ғалымдар бақыт сезімін арттырудың ең оңай жолын ашты

Ғалымдар бақыт сезімін арттырудың ең оңай жолын ашты

Күз бен қыс мезгілінің келуімен көпшілік көңіл-күйдің төмендеуі, рухани жеңілдіктің жоғалуы және ішкі құштарлықтың сөнуі байқалады. Психологтар бұл жағдайды "маусымдық депрессия" деп атайды. Дегенмен, ғалымдар соңғы зерттеулер арқылы бұл жағдайды жеңілдетудің табиғи және қарапайым жолын анықтады - табиғат аясында серуендеу.

PsyPost басылымы жазғандай, 2000-нан астам қатысушымен жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелері таңқаларлық болды. Ғалымдар адамдардың бақтарда, ормандарда және су айдындарында уақыт өткізгеннен кейінгі психикалық жағдайларын талдады.

Нәтижелерге сәйкес, табиғатпен байланысты іс-әрекет адамның ішкі тыныштығы мен бақыт деңгейін айтарлықтай арттырады.

- табиғат қойнына шыққан күні адам өмірінен көбірек қанағаттанған,

- жағымды көңіл-күй сол күні ғана емес, келесі күні де сақталды,

- жасыл аймақтар (бақтар, ормандар) және көк пейзаждар (су жағалаулары) адамда табиғи "бақыт гормондарының" өндірілуін күшейткен.

Ғалымдардың айтуынша, табиғат әсерінен адам миы демалады, стресс гормондары азаяды және эмоционалды тұрақтылық артады.

Сонымен қатар, зерттеуде қызықты жағдай да анықталды - созылмалы мазасыздық немесе терең депрессияға ұшыраған кейбір қатысушылар су жағасында серуендегеннен кейін өздерін одан да мазасыз сезінді. Мамандар бұл жағдайды адамның ішкі қорқыныштарымен және эмоционалды қорғаныс механизмдерімен байланыстырады.

Сондай-ақ, зерттеу авторларының пікірінше, табиғатпен қарым-қатынас - психикалық тұрақтылықты қалпына келтірудің тегін және әркімге ашық тәсілі. Тіпті 15-20 минуттық серуендеу адамды жеңілдетеді, ұйқыны жақсартады, ойды оң бағытта бағыттауға көмектеседі.

Ғалымдар "бақыт" ұғымы көбінесе қымбат заттармен немесе күрделі ем-домдармен байланысты емес - кейде ауа, күн, ағаш және таза ауада жүру жеткілікті.

Табиғаттағы қарапайым серуен - адамның көңіл-күйін көтерудің ең тиімді және қарапайым тәсілі екені тағы бір рет дәлелденді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Ғалымдар бақыт сезімін арттырудың ең оңай жолын ашты