date

Мидың қартаюына әсер ететін жаңа фактор табылды

Мидың қартаюына әсер ететін жаңа фактор табылды

Жапон ғалымдары мидың тез қартаюының себептерін алғаш рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Фудзита денсаулық сақтау университеті мен Токио медициналық ғылымдар институтының зерттеушілері мидың жасқа байланысты өзгерістерін жеделдететін және түрлі психикалық бұзылулармен байланысты болуы мүмкін жаңа биомаркерді анықтады. Бұл туралы "Neuropsychopharmacology" журналы жазды.

Мамандар тышқандарға жүргізілген зерттеуде 17 түрлі жүйке және психикалық ауру модельдерін талдай отырып, мидың гиппокамп деп аталатын бөлігінде "гиперпісіру" жағдайы байқалды. Гиппокамп - эмоциялар мен жадқа жауапты орталық, ондағы жасушалар тым тез дамығанда немесе қартаю үдерісі күшейгенде адамда мазасыздық деңгейі артып, эмоцияны басқару қабілеті төмендейді.

Зерттеу жетекшісі Хидео Хагихари гиппокамптағы мұндай жылдам жетілу үдерісі мазасыздық, депрессия және шизофрения сияқты аурулар үшін жалпы биологиялық негіз болуы мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, бұл жаңалық болашақта мидың "ерте қартаюын" анықтайтын жаңа диагностикалық құралға айналуы мүмкін. Осы арқылы осы жағдайға байланысты психикалық ауруларды алдын ала анықтауға және тиімді емдеуге мүмкіндік туады.

Ғалымдардың айтуынша, мидың саулығын сақтау үшін тұрақты физикалық жаттығулар - атап айтқанда, аэробты жаттығулар үлкен маңызға ие. Олар нейрондардың қызметін белсендіреді, қан айналымын жақсартады және мидың қартаю процесін баяулатады. Сондай-ақ, әлеуметтік белсенді өмір салты, ойлауды қажет ететін әрекеттер - мысалы, жұмбақ шешу, жаңа тілдерді үйрену немесе шығармашылықпен айналысу мидың жас болуын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Зерттеу нәтижелері келесі кезеңде де расталса, бұл адамзат үшін жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. Өйткені мидағы молекулалық өзгерістер мен олардың психикалық денсаулыққа әсері туралы білім психикалық аурулардың алдын алуда жаңа бағыттар ашуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул федералды университетінің ғалымдары америкалық базилик экстракты мидың қартаюын баяулатып, қабынуды азайтатынын және жүйке жүйесінің жұмысын тұрақтандыратындығын дәлелдеген болатын.

Жаңа жапондық зерттеу адам миының уақытынан бұрын қалай "шаршайтынын" және оны қалай сақтап қалуға болатынын нақтырақ түсінуге көмектеседі деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Мидың қартаюына әсер ететін жаңа фактор табылды