date

Шай, кофе және су - жүрек үшін табиғи қорғаушылар

Шай, кофе және су - жүрек үшін табиғи қорғаушылар

Британдық ғалымдар адам денсаулығы үшін ең пайдалы сусын әдеттерін анықтады. British Journal of Nutrition журналының жазуынша, күніне жеті-сегіз кесе шай, кофе және су ішу жүрек-қан тамырлары және қатерлі ісік сияқты ауыр аурулардың пайда болуының алдын алады.

Зерттеу 13 жылға созылды және оған 183 мыңнан астам адам қатысты. Ғылыми топ қатысушылардың тамақтану, сусын тұтыну және жалпы салауатты өмір салты туралы мәліметтерін талдады.

Нәтижелерге сәйкес, күніне "үш кесе кофе мен екі кесе шай" мөлшерінде сусын ішкен адамдардың денсаулық көрсеткіштері ең жоғары болды. Ғалымдар бұл арақатынастың адам ағзасы үшін ең қолайлы тепе-теңдік екенін атап өтті.

Ауыз су да бұл процесте маңызды рөл атқарады. Зерттеушілердің айтуынша, суды үнемі ішу ағзадағы зат алмасуды жеделдетеді, жүрек пен бүйрек қызметін қолдайды және дене температурасын тұрақты ұстайды.

Кофе құрамындағы хлороген қышқылы жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, қант диабеті қаупін азайтады және ішек микрофлорасының сау болуына қызмет етеді. Сонымен қатар, шай құрамындағы катехин заты күшті антиоксидант болып саналады және ағзаны суықтан қорғайды.

Ғалымдар бұл заттардың бірге әсер етуі адам ағзасында қан айналымын жақсартып, тіндерге оттегінің жеткізілуін күшейтеді, бұл жүрек қызметін тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, мамандар шамадан тыс кофе ішудің жағымсыз жақтарына да назар аударды. Күніне үш кеседен артық кофе ішу ұйқысыздыққа, жүрек ырғағының бұзылуына және жүйке жүйесіндегі жағымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Суды да шамадан тыс көп ішу ұсынылмайды - ағзада электролиттер тепе-теңдігі бұзылып, калий мен натрий мөлшері төмендеуі мүмкін.

Ғылыми ұжымның тұжырымына сәйкес, адамның салауатты өмір салтында қалыптылық пен табиғилық негізгі фактор болып табылады. Олар сусынның мөлшері ғана емес, уақыт пен күннің бөлінуі де маңызды екенін айтты.

Табиғи шай, кофе және таза су - дене үшін қуат көзі ғана емес, сонымен қатар ұзақ өмір сүрудің құпиясы болуы мүмкін, дейді ғалымдар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Шай, кофе және су - жүрек үшін табиғи қорғаушылар