date

Ташкент ауданындағы полиэтилен зауытында ірі өрт болды

Ташкент ауданындағы полиэтилен зауытында ірі өрт болды

Бүгін, 5 октябрь күні сағат 09:06-да Ташкент облысының Төтенше жағдайлар басқармасына "112" жүйесі арқылы хабар келіп түсті: Ташкент ауданы Бинокорлар көшесінде орналасқан полиэтилен өндіру зауытында өрт шықты. Бұл туралы Ташкент облысы ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына өрт-құтқару бригадалары сағат 09:15-те жетіп, 09:40-та өртті қоршап үлгерді, сағат 10:04-те өрт толығымен жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер немесе дене жарақаты туралы әзірге ақпарат жоқ.

Мамандар өрттің шығу себептерін анықтау және болашақта осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, кәсіпорында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкент ауданындағы полиэтилен зауытында ірі өрт болды