date

Жекеменшік клиникаларда лицензиясыз қызметтер әшкереленді

Жекеменшік клиникаларда лицензиясыз қызметтер әшкереленді

Өзбекстанда жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бақылау күшейтілді. Президент қаулысы негізінде Бәсекелестік комитеті мен қоғамдық ұйымдар тарапынан 8,5 мыңға жуық емхана тексерілді.

Тексерулер барысында көптеген мекемелерде заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ұйымдардың 27%-ы көрсетілген мекенжайда жұмыс істемеген, 61%-да баға белгілері жоқ. 20% жағдайда ақпарат мемлекеттік тілде берілмеген.

Клиникалардың көпшілігі сыртқы жарнама талаптарын сақтамаған. Ең бастысы, кейбір клиникалар лицензияда қарастырылмаған қызмет түрлерін де көрсеткен.

Сұрхандария, Ташкент және Ферғана облыстарындағы бірқатар мекемелерде лицензиясыз қызмет көрсету фактілері тіркелген. Олардың арасында "ШЕРАБОД ЕМДЕУ ОРНЫ" және "ШИРШИҚ ЗИННУРА СТОМ" бар.

Бәсекелестік комитеті осы жағдайлар бойынша тиісті мекемелерге ақпарат берді. Алдағы уақытта да қоғамдық бақылауды күшейту жоспарлануда.

Ақпарат үшін, 2024 жылы жекеменшік медициналық ұйымдардың саны 8 343 болса, 2025 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 8 486-ға жеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Жекеменшік клиникаларда лицензиясыз қызметтер әшкереленді