date

Өзбекстан азаматы төлқұжатын жыртып, Ресей соғысына қатысқаны үшін түрмеге қамалды

Өзбекстан азаматы төлқұжатын жыртып, Ресей соғысына қатысқаны үшін түрмеге қамалды

40 жастағы Өзбекстан азаматы Украина соғысында Ресей жағында қарулы ұрыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ісі үстіміздегі жылдың 24 сентябрінде Жызақ облысының Галляарал аудандық сотында қаралды.

Белгілі болғандай, Б.М. 2023 жылдың май айында Ресейге жұмыс істеу мақсатында барған және кейіннен Тольятти қаласында әскери бөліммен келісімшарт жасап, 2023 жылдың 10 июньінен 2024 жылдың 11 июньіне дейін Луганск және Донецк шайқастарында Ресей армиясының қатарында болған.

Ол әскери қызметін жасыру үшін төлқұжатын жыртып тастаған және азаматтықтан шығу үшін ешқайда бармай-ақ Ресей азаматтығын алған. Сот оны кінәлі деп тауып, Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 154-бабы мен 227-бабына сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстан азаматы төлқұжатын жыртып, Ресей соғысына қатысқаны үшін түрмеге қамалды