date

Әндіжанда жалған дәрі-дәрмектердің 200 миллион сумдық партиясы ұсталды

Әндіжанда жалған дәрі-дәрмектердің 200 миллион сумдық партиясы ұсталды

Әндіжан облысында заңсыз сатуға шығарылмақ болған, жалпы құны 216,8 миллион сумнан асатын сапасы кепілдендірілмеген дәрі-дәрмектер әшкереленді.

Бас прокуратура жанындағы Департаменттің Әндіжан облыстық басқармасы, Ішкі істер және Кеден басқармаларымен бірлесіп өткізген жедел іс-шара барысында Г.Б. және оның серіктестері "Tracker" маркалы автокөлікпен Избоскан ауданындағы жекеменшік ауруханаға 200 дана "Вокартрин" дәрі-дәрмегін заңсыз жеткізбек болғанда ұсталды.

Шара барысында заттай айғақ ретінде 16 түрдегі 3 525 дана дәрі-дәрмек алынды. Олардың жалпы құны 216,8 миллион сумға тең екені анықталды.

Анықталған жағдай бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Жауапты органдар халықты заңды және лицензияланған дәрі-дәрмектерді тек ресми дәріханалар арқылы сатып алуға шақырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Әндіжанда жалған дәрі-дәрмектердің 200 миллион сумдық партиясы ұсталды