date

Тәртіпті фермерлерге «арзан несие» беру ұсынылуда

Тәртіпті фермерлерге «арзан несие» беру ұсынылды

Президент Шавкат Мирзиёевке мақта және астық шаруашылығын қаржыландыруды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ аграрлық салада субсидиялар бөлу жөніндегі жаңа жүйе бойынша тұсаукесер таныстырылды.

Тұсаукесерде алдағы жылы мақта мен астық өнімі, субсидиялар мен басқа да шығындарға жалпы 34,2 трлн сум қаражат бөлу жоспарланғаны, қосымша 200 миллион АҚШ доллары тартылып, 800 дана мақта жинау техникасын сатып алу қолға алынатыны туралы айтылды. Бұл тұрғыда жаңа қолдау механизмдерін енгізу ұсынылды.

Атап айтқанда, 2026 жылы агротехникалық шараларға, соның ішінде пленка мен икемді құбырларға қосымша 5 трлн сум бөлу ұсынылды. Өнім өндіру үшін несие лимитінің 50 пайызын пайдаланған жағдайда, сатылған мақта құнының 5 пайызы көлемінде субсидия бөлініп, өз қаражаты және ішінара несие есебінен өнім өндіретін фермерлер саны 4-4,5 мыңға жетуі және олардың 2,5-3 трлн сум қаржысы үнемделетіні атап өтілді.

Қазіргі уақытта фермерлерге несие беру кезінде қаржылық тұрақты шаруашылықтарға да, төлем тәртібін сақтамайтындарға да бірдей пайыздық мөлшерлеме қолданылуда. Осыған байланысты фермерлер арасында «тәртіпті болу – арзан несие» моделін қалыптастыру үшін «А» кредиттік рейтингке ие шаруашылықтарға 2 пайызға, «В» санатындағы шаруашылықтарға 1 пайызға төмендетілген мөлшерлемеде несие беру және сол арқылы тәртіпті фермерлердің несие жүктемесін азайту ұсынылды.

Сонымен қатар, өз қаражаты есебінен бидай өндіретін фермерлерге 10 пайыздық субсидия бөлу бастамасы көтерілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Тәртіпті фермерлерге «арзан несие» беру ұсынылуда